Балабақша туралы мәлімет
Біздің балабақша 2025 жылдың 10 да қарашада ашылды. Қазіргі таңда бізде 2жас3-5жас ерекшелігіне қарай 5 топ бар. Педагогтер саны -10 . Оқыту қазақ тілінде үйренуге бағытталған. Балабақша ішінде 5 ойын бөлмесі , 5жатын бөлме , бөлек асхана , меңгеруші бөлмесі, медбике кабинеті,тұзды шахта,акт залы, 2 дәретхана , дәліз, 1 қойма,кір жуатын бөлме бар.
Балабақша ғимараты балалардың жайлылығы мен қауіпсіздігіне бағытталған заманауи жоспар бойынша жабдықталған.
Ойын бөлмесі жарық әрі кең. Мұнда балалардың жас ерекшелігіне сай дамытушы ойыншықтар, оқу құралдары және шығармашылық аймақтар ұйымдастырылған.
Балалардың күндізгі демалысы үшін ойын бөлмесінен бөлек, тыныш әрі жайлы жатын бөлмесі қарастырылған. Бұл балалардың ұйқы режимін дұрыс сақтауға және жүйке жүйесінің демалуына септігін тигізеді.
Балабақшада арнайы жабдықталған медбике бөлмесі жұмыс істейді.
Балабақша ғимараты барлық санитарлық-эпидемиологиялық және өрт қауіпсіздігі нормаларына сай жабдықталған.
Ғимарат ішінде және сыртында 22 бейнебақылау камерасы орнатылған, 24 /7жұмыс жасайды Жедел басқару орталығына қосылған.
Біздің ұжымда әр балаға сүйіспеншілікпен және ынтамен көңіл бөле отырып, өз ісінің кәсібі мамандары жұмыс жасайды.
Балабақша атауы | «Damiland» жекменшік бөбекжай балабақшасы Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
Бин | 250440002952 |
Индекс | 080100 |
Ғимаратты салған жылы | 2025 |
Ғимаратты жалдау мерзімі | 2025 10 қараша |
Балабақша меңгерушісі | Алдажарова Нурия Полатбекқызы |
Негізгі ауданы | 673 |
Жоба қуаттылығы | 125 |
Бала саны | 125 |
Топ саны | 5 |
Мед кабинет | 1 |
Асхана | 1 |
Актовый зал | 1 |