Алдажарова Нурия Полатбекқызы
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, К.Орынқұлов 1бұрылыс 53үй.
ЖШС «Damiland» жекеменшік бөбекжай-балабақша меңгерушісі : Алдажарова Нурия Полатбекқызы.
Алдажарова Нурия Полатбекқызы 1993 жылы 27 желтоқсанда Нукус қаласында дүниеге келген 2000 жылы 1 сыныпқа аяқ аттаған .2 сыныпты аяқтап 2002 жылы Қазақстанға қоныс аударып,Жамбыл облысы ,Байзақ ауданы,Сарыкемер ауылында Қырықжылдық мектебін үздік аяқтаған. 2011 жылы аяқтап,Тараз Пед Институтының бастауышта оқыту және педагогика әдістемесіне түскен. Қазіргі таңда Нурия Полатбекқызы Жамбыл облысы ,Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы ЖШС «Damiland» жекеменшік бөбекжай балабақшасында меңгеруші болыпқызмет етуде.
Алдажарова Нурия Полатбекқызы – өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, кәсіби біліктілігі жоғары, тәжірибелі әрі жаңашыл басшы. Нурия Полатбекқызы – мейірімді, жомарт, адамгершілігі мол, ұжым арасында сыйлы тұлға. Ол әрбір тәрбиеленушінің қауіпсіздігіне, денсаулығына және жан-жақты дамуына ерекше көңіл бөледі. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, сапалы білім мен тәрбие алуына қолайлы орта қалыптастыруда аянбай еңбек етіп келеді.
Нурия Полатбекқызы ұжыммен тығыз байланыс орнатып, әр қызметкердің кәсіби өсуіне қолдау көрсетеді. Әріптестеріне қамқорлық танытып, ата-аналармен сенімді қарым-қатынас қалыптастыра білген білікті ұйымдастырушы. Оның көшбасшылық қасиеті, ұйымдастырушылық қабілеті және еңбекқорлығы ұжымның жетістіктерге жетуіне үлкен үлес қосып келеді.